
ҚР ІІМ ҚАЖК «№15 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторла, прокуратура және Ұлттық ұлан өкілдерінің қатысуымен жұмыс беруші мен жеке кәсіпкерлерге арналған түсіндіру жұмысы өтті.
Кездесу барысында еңбек, техникалық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, жұмыс орындарында жауапты тұлғалардың болуы, құрылғылар бойынша нұсқаулық стендтердің орналастырылуы міндетті екені атап өтілді.
Сонымен қатар, сотталғандарды еңбекке тарту және еңбекақыны уақытылы төлеу талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Жалақы кешіктірілген жағдайда заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді.
Кездесудің басты мақсаты – өндірістік аймақта қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және заң талаптарының сақталуын күшейту.