«Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші»

«Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші»

2026 жылғы 16 ақпанда Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен еңбек қатынастары мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары Ж.Ермеккалиева, И. Игамбердиев және Д.Ахметова, Сарайшық ауылдық округ әкімінің уақытша міндетін атқарушы С.Жағыпарова, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК заңгері, Махамбет ауданы білім бөлімінің «Бүлдіршін» бөбекжай–бақшасы меңгерушісі Ж.Умирова және Атырау облысы Білім беру басқармасының «Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі» директоры Ж.Турсынбаев қатысты.

Іс-шара барысында Ж.Ермеккалиева мен Д.Ахметова еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптары бойынша жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, «Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» тақырыбы аясында еңбек ұжымында қыздар мен әйелдерге құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру мәселелері көтерілді. Қарым-қатынасқа мәжбүрлеу, қалыңдық ұрлау және ұлттық дәстүрлерге қатысы жоқ, мәдениет пен заңнама қағидаттарына қайшы келетін зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол берілмейтіні туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ерекше атап өтілді.