«Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» тақырыбы аясында «Ақ Жайық-7» ЖШС-нің өндірістік алаңында қызметкерлермен кездесу өтті

«Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» тақырыбы  аясында «Ақ Жайық-7» ЖШС-нің өндірістік алаңында қызметкерлермен кездесу өтті

2026 жылғы 13 ақпанда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті-нің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары Ж.Ермеккалиева, Д.Ахметова және Ж.Ураков «Ақ Жайық-7» ЖШС-нің өндірістік алаңында кәсіпорынның жауапты өкілдері мен жұмыскерлерімен кездесу өткізді.

         Іс-шара барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптары бойынша жан-жақты құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтау және жұмыс берушінің заңнамада көзделген міндеттері түсіндірілді.

         Сонымен қатар, «Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» тақырыбы аясында еңбек ұжымында қыздар мен әйелдерге құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру мәселелері көтерілді. Қарым-қатынасқа мәжбүрлеу, қалыңдық ұрлау және ұлттық дәстүрлерге қатысы жоқ, мәдениет пен заңнама қағидаттарына қайшы келетін зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол берілмейтіні туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.