Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті
2026 жылғы 13 ақпандағы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл К.Иманғалиев Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасы мен Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге:қызметтік әдеп нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер , мүдделер қақтығысын болдырмау, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, тәртіптік жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға заңнама талаптарына сәйкес нақты жауаптар берілді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызмет саласында заңдылықты қамтамасыз ету, ашықтық пен жоғары әдеп стандарттарын қалыптастыру.
Департамент тарапынан түсіндіру және профилактикалық жұмыстар тұрақты негізде жалғасады.