
2026 жылдың 23 қаңтарда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Д.Калымов пен Б.Салық Исатай ауданы, Тұшықұдық ауылы «Құлыншақ бөбекжай бақшасы» КММ-нің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына қатысты іс-шаралардың орындалу барысын басты назарға алу мақсатында еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.