
2025 жылғы 11 қарашада Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған профилактикалық кездесу өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлер арасында діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен радикалды көзқарастардың ықпалынан сақтандыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау бағытындағы жауапкершілігін күшейту болып табылады.
Кездесуге «Шапағат» қоғамдық қорының теолог маманы, Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Думан Асқарбекұлы Күмісбек қатысып, қатысушыларға дәстүрлі емес діни ағымдардың белгілері мен олардың қоғамға, отбасына және жеке тұлғаға тигізетін теріс әсерлері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар, теолог радикалды діни идеологияның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде түсіндіріп, қызметкерлерді діни мәселелер бойынша сенімді ақпарат көздеріне ғана жүгінуге шақырды.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кеңестер алды.