Атырау облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өткізілді

Атырау облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өткізілді
31 қазан күні Атырау облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету болды.
Акцияға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы Ермеккалиева Жаныл Сергейқызы мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы Губайдуллин Мади Мұхтарұлы қатысып, заң көмегін көрсетіп, тұрғындардың сұрақтарына жауаптар берілді.