8 қазан 2025 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен өзекті мәселелерді цифрлық өзгерістер арқылы түбегейлі шешу тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Фарида Сағындыққызы жұмыс сапарымен Атырау облысына келді.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен №42 Н.Балғымбаев атындағы орта мектеп ғимаратында қалалық, аудандық, ауылдық білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне «Бірыңғай цифрлық платформаны» енгізуді оқып-үйрету бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шара барысында Фарида Сағындыққызы жобаның басты мақсатымен таныстырып, цифрландырудың негізгі міндеті ведомствоаралық өзара іс-қимылды біріктіру және әлеуметтік саланың басқаруын арттыру арқылы ашықтықты, қолжетімділікті және тиімділікті қамтамасыз ету екендігін атап өтті.