Құрманғазы аудандық ауруханасы қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы жүргізілді

Құрманғазы аудандық ауруханасы қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы жүргізілді

2025 жылдың 1 қазанында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы М.Губайдуллин «Құрманғазы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесті. Жиын барысында мекеме қызметкерлерінің еңбек қатынастары, ауысымдық жұмыс тәртібі, оның ішінде мереке және түнгі жұмыс уақыттарына жалақы төлеу тәртібі түсіндірілді.