«Монтажарнаулықұрылыс» АҚ-ның жұмысшыларымен кездесу өткізілді

«Монтажарнаулықұрылыс» АҚ-ның жұмысшыларымен кездесу өткізілді

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында  Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің инспекторы Ж.Ураков «Монтажарнаулықұрылыс» АҚ-ның өндіріс алаңында компанияның жауапты уәкілдері мен жұмысшыларымен кездесу өткізді.         Кездесу барысында инспектор Ж. Ураков еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес еңбек қауіпсіздігі саласындағы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жұмысшылардың қойған сауалдарына жауап берді.