2025 жылдың 3 қазан күні Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен ұйымдастырылған «Ұйымдастырушылық-штаттық мәселелер туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы Д.Ахметова қатысып, кадрлық қызмет барысында жиі туындайтын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, еңбек қатынастарына қатысты сұрақтарға түсіндірме берілді