Атырау облыстық денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарының қатысуымен оқыту семинары өткізілді

Атырау облыстық денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарының қатысуымен оқыту семинары өткізілді

2025 жылғы 24 қыркүйекте Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен Атырау облыстық денсаулық сақтау, мәдениет және спорт  ұйымдарының мамандарының қатысуымен оқыту семинары өткізілді.

         Семинардың негізгі тақырыбы – Бірыңғай цифрлық платформа (БЦП). Бұл мемлекеттік ақпараттық жүйе әлеуметтік саланың барлық негізгі процестерін біріктіреді: азаматтарды анықтау мен сүйемелдеу, қолдау шараларын тағайындау және мониторинг жүргізу.

         Жаңа жүйе әлеуметтік көмектің адрестілігін, шығындардың ашықтығын және басқарудың тиімділігін қамтамасыз етеді. Ол автоматтандыру, скорингтік модель және аналитикалық дашбордтар арқылы іске асады. Семинар барысында қатысушыларға:

HR-enbek жүйесінен штаттық кестені жүктеу;еңбек шарттарын синхрондау; НОБД деректерінен білім құжаттарын алу; персонал қозғалысы бойынша құжаттарды күнделікті тіркеу тәртібі түсіндірілді.