Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау бақылау бөлімінің басшысы И.Игамбердиев «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистральды газ құбырлары басқармасының өндірістік алаңында жауапты өкілдері мен жұмысшыларының қатысуымен кездесу өткізді. Кездесу барысында И.Игамбердиев еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша еңбек заңнамасының талаптарына құқықтық түсіндірме беріп, жұмысшылардың сұрақтарына жауап берді.