Мемлекеттік еңбек инспекторлары Махамбет ауданы мектептерінің өкілдерімен кездесу өткізді

Мемлекеттік еңбек инспекторлары Махамбет ауданы мектептерінің өкілдерімен кездесу өткізді

2025 жылдың 7 тамызда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Б.Салық пен Д.Калымов Махамбет ауданы білім беру бөліміне қарасты мектептердің заңды өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында еңбек инспекторларымен еңбек заңнамасы бойынша, оның ішінде зейнеткерлік жасқа жетіп, еңбек шартын тоқтатқан қызметкерлердің құқықтарының бұзылмауы және бос жұмыс орны бойынша enbek.kz порталына және жергілік органға заңда көзделген мерзімде жариялау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.