Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 2025 жылдың 29 шілдесінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің инспекторы Ж. Ураков «KazGlobalSolution» ЖШС-нің өндіріс алаңында компанияның жауапты уәкілдері мен жұмысшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында инспектор Ж. Ураков еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес еңбек қауіпсіздігі саласындағы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жұмысшылардың қойған сауалдарына жауап берді.