2025 жылғы 28 шілдеде «Ембімұнайгаз» АҚ-да «Еңбек қауіпсіздігі және өндірістік тәуекелдердің алдын алу мәселелері бойынша» комитет отырысы өтті.
Іс-шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары К.Иманғалиев, ЕМГ басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің еңбек қауіпсіздігі мамандары және мердігер ұйым өкілдері қатысты.
Отырыста 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша қорытындылар жарияланып, мердігер ұйымдарда тіркелген жазатайым оқиғалар, анықталған бұзушылықтар және оларды болдырмау шаралары талқыланды.
Сондай-ақ «Мен сақтанамын» жобасы мен «Stop карта» жүйесі сияқты алдын алу құралдарының тиімділігі баяндалды.