Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті

          Бүгін облыс әкімінің міндетін атқарушы Д. Шамұратовтың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті.
         Отырыста облыстағы еңбек қатынастарының жағдайы (әлеуметтік шиеленіс картасы, жалақыдан берешектер, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жазатайым оқиғалар туралы), Әлеуметтік әріптестік пен диалогты дамыту және 2024 жылы облыс аумағындағы денсаулық сақтау ұйымдарында орын алған әлеуметтік-еңбек жанжалдарын және жиі орын алатын еңбек заңнамасының бұзушылықтарын болдырмау мақсатында қабылданған шаралардың тиімділігі туралы мәселелер қаралып, Атырау қалалық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның жұмысы тыңдалды.
         Жиын барысында облыстағы кәсіпорындардағы әлеуметтік ахуал, Еңбек тәуекелдер картасына сәйкес тәуекелі жоғары санатына жатқызылған, яғни міндетті зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік аударымдарды кешіктірілген, жалақы берешегі бар, еңбек қатынастарына байланысты наразылық акциялары және жазатайым оқиғалар орын алған мекемелер шақырылып, мәселелердің туындау себептері талқыланды, оларды шешу жолдары мен еңбек қауіпсіздік шараларын алу, наразылықтың алдын алу бойынша тапсырмалар берілді.

        Әлеуметтік әріптестік пен диалогты дамыту бойынша сөз алған «Атырау облысы кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мекемелер мен ұйымдарға «Атырау мұнай өңдеу зауытының» аутсорсинг компанияларының ұжымдық шарттарына жалақыны индекстеу, еңбекті қорғау мен әлеуметтік кепілдіктер мен қолдау шаралары енгізіліп, жақсы жұмыстар жүргізіліп жатырғанын үздік тәжірибе ретінде атап өтті.