Аймақтағы білім беру ұйымдары басшыларына еңбек заңнамасының нормалары түсіндірілді

Аймақтағы білім беру ұйымдары басшыларына еңбек заңнамасының нормалары түсіндірілді

25 маусым 2025 жылы Атырау облысы әкімдігі ғимаратында Мемлекеттік еңбек инспекция комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен аймақтағы білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді Мемлекеттік еңбек инспекция комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары К. Иманғалиев жүргізді, облыстағы білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының тиісінше сақталуына тоқталды. Атап айтқанда, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу, оның ішінде мұғалімдер мен оқытушыларды олардың еңбек шарттарында және лауазымдық міндеттерінде көзделмеген тән емес еңбек функцияларын орындауға жол бермеу, ҚР Еңбек Кодексінің 92-бабына сәйкес, демалыс сомаларын төлеу мерзімдерін сақтау, қолданыстағы заңнамада көзделген міндетті әлеуметтік аударымдар мен өзге де төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібін сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында қолданыстағы еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру, сондай-ақ оны қолдану практикасы туралы баяндады.

    Аталған басқосуда талқыланған мәселе бойынша «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы сөз алып, көтерілген мәселелерге байланысты пікірлерімен бөлісті.

         Жиынға қатысушылар сұрақтарын қойып, толық жауаптар берілді.