2025 жылғы 23 маусымда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары К.Иманғалиевтің төрағалығымен Еңбек тәуекел картасына енгізілген кәсіпорын басшыларымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу мақсаты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жасақталған еңбек тәуекел картасы мен кәсіпорындардың цифрлық қартасы ақпараттық жүйелерімен таныстыру және жоғары тәуекелді кәсіпорындарға қабылданатын шараларды жеткізу. Сондай-ақ, кәсіпорын басшыларына жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік сақтандырудың маңыздылығын түсіндіру, міндетті жарналарды уақтылы төлеудің қажеттілігіне назар аудару болды.