2025 жылғы 17 маусымда «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараны Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Д. Ким және мемлекеттік еңбек инспекторы Д. Ахметова жүргізді. Кездесу барысында еңбек заңнамасының негізгі талаптары, еңбек жағдайларына қойылатын қауіпсіздік нормалары және өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары түсіндірілді. Кәсіпорын қызметкерлері еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және жұмысшылардың құқықтарын сақтау мәселелері бойынша өздерін толғандырған сұрақтарға толыққанды жауаптар алды. Аталған іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алуға бағытталған.