2025 жылғы 12 маусым күні облыс әкімдігі жанындағы “Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және адам саудасына қарсы күрес мәселелері” жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста:
- Адамдарды заңсыз әкетудің, әкелудің және сатудың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары;
- Балалардың жыныстық пайдалануы, қара жұмыстың немесе қылмыстық пайдаланудың ықтимал құрбандарына жүгіну фактілеріне жол бермеу мәселесі бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның жұмысы;
- Мәжбүрлі еңбек фактілерін анықтау бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының қабылдаған шаралары бойынша мәселелері қаралды.
Жиында күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.