12 маусым 2025 жылы «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының «Ботақан» кен орнында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мекеме қызметкерлерінің, мекеменің еңбек қауіпсіздігіне жауапты маманның сұрақтарына толық жауаптар берілді.