27 мамыр 2025 жылы Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов пен облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің қатысуымен жиналыс өтті. Кездесу барысында аймақтың инновациялық дамуы, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және еңбекпен қамту шаралары талқыланды. 2025-2029 жылдар аралығында жалпыұлттық пул аясында облыста 29 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 20,5 мың жұмыс орны құрылуы жоспарлануда. 2025 жылы 22 жоба іске қосылып, 1 287 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жыл басынан бері жұмысқа орналастыру орталықтарына 25 мыңнан астам адам жүгінген. Олардың 8 500-ге жуығы жұмысқа орналастырылған, оның ішінде 3 162 адам тұрақты жұмыс орындарын иеленген. Жиын соңында вице-министр жұмыспен қамтудың төмендеу себептерін талдауды жүргізуді, зейнетақы аударымдарына бақылауды күшейтуді және жұмыс берушілер мен мансап орталықтары арасындағы өзара әрекеттестікті жақсарту шараларын әзірлеуді тапсырды.
Сапар барысында делегация Мансап орталығына «Силлено» ЖШС, «Тексол-Транс» ЖШС, «Атыраунефтемаш» ЖШС және «Ескене» газ өңдеу зауытына барды.