Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғаларды алдын алу мақсатында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғауды бақылау бөлімінің инспекторы Ж.Ураков 2025 жылдың 22 мамыр күні «Махамбет аудандық ауруханасы» ШЖК КМК жауапты уәкілдері және жұмысшыларымен өндіріс аланында кездесу өткізді. Кездесу барысында Ж.Ураков еңбек қауіпсіздігі бағытында еңбек заңнамасының талаптары бойынша құқықтық түсіндірме беріп, жұмысшылардың, сауалдарына жауап берді.