«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» ұжымымен кездесу өткізілді

«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» ұжымымен кездесу өткізілді

2025 жылдың 20 мамыр күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы Б. Салық «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» ұжымымен кездесу өткізді.

         Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Әдеп кодексінің нормалары мен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі талаптарының сақталуы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Түсіндіру жұмыстары барысында қатысушыларға еңбек қатынастарының реттелу тәртібі, еңбек шартының жасалуы мен тоқтатылуы, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының нормативтері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жан-жақты түсіндірілді.