Конкурсты ұйымдастырушы: Атырау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ;
Электрондық пошта мекенжайы: u.kasapkerlik@atyrau.gov.kz;
Байланыс телефоны: 8(7122)35-43-44;
Конкурстың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік грант беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беретін орын: kezekte.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады.
Өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы "26" мамырдан бастап 2025 жылғы "30" мамырға дейін қоса алғанда.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің: https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-industrial/documents/details/844513?lang=kk ресми сайтында танысуға болады.
Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматында сканерленген мынадай құжаттардың көшірмелерін тіркейді:
1) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;
2) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың бар екенін растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар-жоғы туралы банктік шоттан үзінді-көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалисі болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.