
«Атырау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы сәуір-мамыр айлар аралығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 8 - (7122) 354-344 (қабылдау бөлмесі) ішкі нөмір 214.