Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Атырау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ

Электрондық пошта мекенжайы: u.kasapkerlik@atyrau.gov.kz;

Байланыс телефоны  8(7122)35-43-44

Конкурстың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік грант беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беретін орын: kezekte.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы арқылы электронды түрде

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады.

Өтінім беру мерзімі: 2024 жылғы «14» қазаннан бастап 2024 жылғы                    «18» қазанға дейін қоса алғанда.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

 

Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтінім ғана беруге құқылы. Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде қабылданады.

  1. Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматында сканерленген мынадай құжаттардың көшірмелерін тіркейді:

1) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;

2) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың бар екенін растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар-жоғы туралы банктік шоттан үзінді-көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисі болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.

Дата публикации
04 октября 2024