АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
 
Аудан басшысы Серік Бағытжанұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініш-пікірін тыңдады.
Қабылдауға келген тұрғындар басым көпшілігі баспанамен қамту, жер қатынастары, инженерлік инфрақұрылым тарту секілді әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Аудан әкімі жауапты сала басшыларымен бірге көтерілген әрбір мәселені зерделеп, заң аясында оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.
Сондай-ақ, аудан әкімі С.Нсанбаев қабылдауда әрбір тұрғынның өтініші аяқсыз қалмай, жіті бақылауда болатынын атап өтті.
Қабылдауға 2-12-74 нөмірі бойынша жазылуға болады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.