Аудан әкімі Серік Нсанбаев «InderTuzCompany» , «ИндерГипс», «ИСИГипсИндер» ЖШС секілді өндірістік мекемелердің жұмысымен танысты.
Алдымен аудан әкімі «ИндерГипс» ЖШС құрғақ қоспа өндіретін және гипсокартон шығаратын зауытына арнайы барып, шикізат өндіретін, ұсақтау-сұрыптау кешендерінде болды.
Жылына 120 мың тонна дайын өнім өндіретін зауыт сылақ, шпаклевка және өзге де құрылысқа қажетті композицияларды өндіреді.
Қазіргі таңда зауытта 100 жұмысшы жұмыс істейді. Айта кетейік, «ИндерГипс» ЖШС-нің құрылтайшысы «Волма» компаниясы.
Сонымен қатар, С.Нсанбаев ауданда 20 жылдан астам жұмысын жалғастырып келе жатрған «ИСИГипсИндер» ЖШС кәсіпорнында болды.
Зауыт Қазақстанның нарығын гипсокартонның төрт түрімен – төбелік, қабырғалық тақтайшалармен қамтамасыз етеді. Жылына 120 тонна дайын өнім өндіретін зауыт 97 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде.
Аудан басшысы «InderTuzCompany» ЖШС-нің ас тұзын өндіру және өңдеу кен орындарында болып, техникалық ерекшелігін қарады.
Қуаттылығы жылына 400 мың тонна техникалық тұз және 150 мың тонна ас тұзын өндіретін зауыт «Индер Темір жолы» ЖШС арқылы ас тұзының 80%-ы таяу шет елдерге экспорттаса, 20%-ы Батыс Қазақстан кәсіпорындарына жеткізеді.
Қазіргі уақытта өндіріс орны ауданымыздағы 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Өндіріс зауыттарын аралаған аудан әкімі Серік Бағытжанұлы кәсіпорын басшыларымен алдағы уақытта зауыттың әлеуетін көтеру мақсатында жоспарларды пысықтады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі