Индер ауданына облыс әкімі Серік Шапкенов пен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Жайық өзені жағалауын нығайту жұмыстарының барысын қадағалау мақсатында жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында аудан бойынша су басу қаупі жоғары саналатын Құрылыс, Жарсуат елді мекендеріндегі көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарымен танысып, бөгеттерді аралап, тұрғындармен кездесті.

Өз кезегінде аудан әкімі Дарын Шамұратов жаға бекіту жұмыстарымен таныстырып, қазіргі ахуалды баяндады.

Ауданға қарасты ұзындығы 17 850 м қорғаныс бөгеттің 10 500 метрі осы 2 ауылда орналасқан. Сондықтан осы аумақтарда бөгеттерді биіктету жұмыстары қарқынды жүруде.

Бөгет салу жұмыстарын зерделеген облыс әкімі Серік Шәпкенов пен вице-премьер Қанат Бозымбаев қол күшімен қапқа құм толтырып жатқан ауыл тұрғындары мен еріктілерге алғысын білдіріп, талап-тілектерін тыңдады.

Тұрғындар бөгет салуда арнайы техникалар, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылғанын айта келе, облыстан қосымша фронталды тиегіш, бульдозер беруін сұрады. Аймақ басшысы жақын арада қажетті техникаларды жеткізетінін мәлім етті.

Айта кетейік, аудан бойынша су тасқынының алдын алуға 80ге жуық арнайы техника, 900ден астам мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары, еріктілер жұмылдырылуда. Қазіргі таңда тұрғындардың қол күшімен 140мыңға жуық қапшық қапталып дайындалды.

Аудандағы су тасқыны бойынша жағдай тұрақты және үнемі бақылауда.