ИНДЕР АУДАНЫНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

ИНДЕР АУДАНЫНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Ауданда көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Аудан бойынша барлығы 7 ауылдық округте ұзындығы 18 950 м қорғаныс бөгеттері бар. Негізінен қауіпті аймаққа Жарсуат және Құрылыс елдімекендері кіреді, бөгеттердің 10 500 метрі осы аумақта орналасқан.

Бүгін, аудан әкімі Дарын Шамұратов осы қауіпті аймақтағы елді-мекендердегі бөгеттерді көтеру, жаға нығайту, құм толы қапшықтармен бекіту жұмыстарын пысықтап шықты.

Қазіргі таңда Жарсуат ауылының 4.6 км бөгеттің 1.1 км-і арнайы техникалар арқылы бөгеттерді көтеру жұмыстары, ал Құрылыс ауылында кезінде ағынды судың әсерінен пайда болған үлкен жыраны бітеп, бекіту жұмыстары жүруде.

Аудан басшысы ауыл үлкендері және тиісті сала мамандарымен бірге аталған ауылға қарасты 5,6 км болатын дамбаның бойын аралап, қауіп төніп тұрған тұстарын анықтады.

Сонымен қатар, ауданға қарасты Көктоғай, Өрлік, Есбол ауылдарында да аталған жұмыстар жалғасуда.

Жалпы, аудан бойынша су тасқынының алдын алу жұмыстарына 17 арнайы техника, 190-нан астам ерікті жұмылдырылды.

Бүгінгі күні еріктілер күшімен 105 тонна топырақ қапталып дайындалды.

1 сәуір жағдайымен Жайық өзенінің деңгейі - 70 см. Әзірге қауіп жоқ.

Жұмыстар тәулік бойы жүріп жатыр. Қосымша ақпарат хабарланады.

📃Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызмет