АУДАН ӘКІМІ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ауылшаруашылық саласының мамандарымен бірге, кейінгі жылдары аталған салаға енгізілген жаңашылдықтар мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды түсіндіру мақсатында Жарсуат және Бөдене ауылдық округтеріне барып, шаруашылық өкілдерімен кездестік.

Жиын барысында шаруагерлерге келесі жылы республика бойынша жүретін мал санағын түсіндіре келе, мал басы дұрыс тіркелмесе, шаруаларда мал шығыны болған жағдайда мемлекеттен берілетін өтемақы қарастырылмайтынын, сонымен қатар, ветеринариялық қызметте қаралған нормаларға сәйкес 12 түрлі ауру салдарынан мал шығыны болған жағдайда, мемлекет тарапынан белгілі бір мөлшерде өтемақы қаралатынын жеткіздік.

Және де, шаруаларды қолдауға арналған бағдарламалар арқылы мемлекеттен берілетін жеңілдетілген несиелер мен гранттар, шаруа қожалықтарына қарастырылған субцидия жайлы да түсіндіріп өттік.

Кездесу барысында шаруагерлерден ауыл шаруашылығына және басқа да тұрмыстық мәселелерге қатысты сауалдар қойылып, ұсыныстар айтылды.

📃Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызмет