Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 12 қазанында аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Күн тәртібінде ата-анасының кәмелет жасқа толмаған балаларының тәрбиесі мен тәртібіне немқұрайлы қарау туралы мәселе қаралды.

Отырыста жасөспірімдердің ата-анасына, мектеп басшылығына, сынып жетекшілеріне сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды.

Оқу орнының күшін пайдалану арқылы жасөспірім балаларды қоғамға бейімдеу, әр түрлі мектепішілік шараларға қатыстыру, психологпен жұмыс жасауды күшейту қажеттілігі туралы ұсыныстар енгізілді.

Жиынды комиссия төрағасының орынбасары Б.Қайыржанов қорытындылап, тиісті тапсырмалар берді.