«ТАЛАП» БАЗАРЫНДА КОВИДКЕ ҚАРСЫ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

«ТАЛАП»  БАЗАРЫНДА КОВИДКЕ ҚАРСЫ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ
  Ақпан айынан бастап Индер ауданына «Спутник V» вакцинасының 425 дозасы жеткізіліп, бүгінде ковидке қарсы жаппай вакцинациялау жұмыстары жүріп жатыр.
 
  Аудандық ауруханада екпе егуге арналған арнайы 4 бөлме дайындалды. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлерлер үшін «Талап» сауда орталығында да екпе егу пункті қызмет көрсете бастады.
 
  Вакцинаның алғашқы компоненті 165 адамға, екінші компоненті 106 адамға егілді. Оның ішінде мұғалімдер, медицина және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қамтылды. Жалпы вакцинация басталғалы бері егілгендердің саны 165 адамды құрайды.
 
  Айта кетейік, өткен аптада вакцинаны аудан басшысы және аудандағы мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері қабылдаған болатын.
 
☑️Вакцина ерікті түрде және вакциналауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі.
 
📌Вакцина егу жұмыс күндері сағат 08:30-дан 19:00-ге дейін жүргізіледі. Қосымша сұрақтарыңыз болса аудандық ауруханаға
(7-90-42, 7-90-47, 7-90-48) хабарласуларыңызға болады.