ИНДЕРЛІК ҰСТАЗ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАСЫН ИЕЛЕНДІ

ИНДЕРЛІК ҰСТАЗ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАСЫН ИЕЛЕНДІ
ИНДЕРЛІК ҰСТАЗ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАСЫН ИЕЛЕНДІ
 
 
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен салтанатты жиында Б.Нысанбаев орта мектебінің мұғалімі Ақмарал Габдуллинаға Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 12 ақпандағы Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мәртебесі берілді.
Салтанатты іс-шарада аталған награданы ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов арнайы табыстады.
Айта кетейік, жоғары санатты тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі А.Габдуллина Көктоғай ауылдық округіндегі Б.Нысанбаев орта мектебінде 1988 жылдан күні бүгінге дейін өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде нәтижелі қызмет атқарып келеді.