
Бүгін Елтай, Жарсуат және Бөдене ауылдық округтерінде көпбалалы отбасыларға және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 7 жаңа пәтердің кілті табысталды.
Салтанатты шараға аудан әкімі Серік Нсанбаев қатысып, жаңа баспана иелеріне пәтер кілттерін табыстады. Аудан әкімі тұрғындарды қоныс тойларымен құттықтап, баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.
Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету – ауданымыздағы әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы бағытта тұрғын үй құрылысы мен азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Айта кетейік, өткен жылы аудан бойынша 100-ге жуық пәтердің кілті тұрғындарға табысталған болатын.
Жаңа баспаналарыңыз құтты болсын! Әр шаңырақта шаттық пен береке орнап, жаңа үйлеріңіз қуанышқа толсын!
Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі