
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аудандағы округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған салтанатты шара өтті.
Аталған іс-шара барысында сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу кезінде жоғары жауапкершілік танытып жүрген сайлау комиссияларының белсенді және тәжірибелі мүшелері облыстық, аудандық аумақтық сайлау комиссияларының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сайлау комиссиялары – елдегі демократиялық процестердің ажырамас бөлігі. Олар сайлау науқаны кезеңінде сайлау заңдылығының сақталуын қамтамасыз етіп, әрбір азаматтың еркін таңдау жасауына мүмкіндік береді. Осы жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген комиссия мүшелерінің еңбегі қашанда құрметке лайық.
Шара барысында марапат иелерінің кәсіби біліктілігі, ұйымдастырушылық қабілеті, жұмысқа деген белсенді азаматтық ұстанымы ерекше атап өтілді.
Барша марапат иелерін құттықтаймыз!
Ел игілігі жолындағы қызметтеріне зор денсаулық, табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!