
Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандық аумақтық сайлау комиссиясында “Ашық есік күні” іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сайлау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарымен өзара ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ сайлау процесінің ұйымдастырылу тәртібі туралы кеңінен ақпарат беру болып табылады.
Кездесу барысында шараға келген азаматтарға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қызметі, сайлау науқандарын ұйымдастыру және өткізу тәртібі, сайлау заңнамасының негізгі талаптары, аудандағы сайлау округтері мен олардың құрамына кіретін сайлау учаскелері, шекаралары, орналасу орындары карта арқылы таныстырылды. Сонымен қатар сайлау процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жөнінде жан-жақты түсіндірме берілді.