
Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен маңызды басқосу өткізілді. Кездесуге мәслихат аппаратының өкілдері, саяси партиялардың филиал басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты сайлау заңнамасын түсіндіру. Халықаралық деңгейде атап өтілетін «Дүниежүзілік сайлау күнінің» маңыздылығын насихаттау. Сонымен қатар сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етудегі үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың рөлін күшейту.
«Сайлау – әрбір азаматтың мемлекет ісіне араласуына жол ашатын демократиялық институт. Сондықтан заңнамалық сауаттылық пен жауапкершілік әрқашан бірінші орында тұруы тиіс», – деп атап өтті кездесу қатысушылары.
Кездесу барысында қатысушылар сайлау процесін жетілдіру бойынша ой-пікірлерімен бөлісті. Еркін форматта өткен сұрақ-жауап бөлімінде сайлаушылардың құқықтық мәдениетін көтеру мәселелері де сөз болды.