
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына арналған ерекше форматтағы "Қонақ дәрісі" кездесуі өтті.
Кездесуге аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған Жас сайлаушылар клубы мүшелері қатысты.
Кездесудің басты мақсаты — жас буынның құқықтық мәдениетін қалыптастырып, демократиялық қоғамдағы сайлаудың рөлін тереңірек түсіндіру және олардың бойында азаматтық жауапкершілік пен белсенді өмірлік позицияны, болашақ сайлаушылардың сайлау және сайлану құқықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Кездесу барысында болашақ сайлаушыларға, сайлауға қатысты келесі өзекті тақырыптар қозғалды:
Кездесу еркін форматтағы сұрақ-жауап кезеңіне ұласты. Оқушылар тек тыңдаушы ғана емес, өз ойларын еркін айтатын белсенді қатысушы бола білді.