БӨДЕНЕ АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

БӨДЕНЕ АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Бөдене ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.

Бұл жобаның мердігері болып “АРСМ” ЖШС анықталды. Құрылысты “Building Control” техникалық, “МастИнжПроект” авторлық тұрғыда қадағалауда.

Жалпы аумағы 1739 шаршы метр болатын екі қабатты кешенде футбол, волейбол, баскетбол, бокс және күрес залдары қарастырылған. Сондай-ақ киім ауыстыру бөлмелері, жаттықтырушылар мен персоналға арналған кабинеттер де болады. Нысан бір мезгілде 150 адамға дейін қабылдай алады.

Құжаттар толық рәсімделгеннен кейін, құрылыс жұмыстары 8 ай ішінде аяқталады деп жоспарлануда.

Бұл кешен — ауыл жастары үшін тек спортпен шұғылданатын емес, салауатты өмір салтын қалыптастыратын маңызды орталыққа айналады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі