2025 жылғы 26 қазандағы сайлау қорытындысы

2025 жылғы 26 қазанда өткен Индер аудандық

мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындысы туралы хабарлама

 

2025 жылғы 26 қазанда №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған Индер аудандық мәслихаты депутатының орнына сайлау өтті.

№3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1359 азамат енгізілді. Дауыс беруге -763 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс қатысқаны – 0.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

№3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Индер аудандық мәслихаты депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Н.Н.Ергалиев үшін сайлаушылардың 476 дауысы берілді;

Р.Ж.Кубайдуллин үшін сайлаушылардың 77 дауысы берілді;

Р.Б.Турайсов үшін сайлаушылардың 164 дауысы берілді;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 11.

Сайлау қорытындысымен №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Индер аудандық мәслихатының депутаты болып:

Ергалиев Нурбол Нурланұлы, 1991 жылы туған, Индер аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры, Индер ауданы Индербор кентінің тұрғыны сайланды.

 

 

Индер аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
28 октября 2025