Жетінші шақырылған Индер аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабар

Жетінші шақырылған Индер аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабар

2021 жылғы 10 қаңтарда Индер ауданы сайлау округінің аумағы бойынша VII шақырылған Индер аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Индер ауданы бойынша сайлаушылар тізімдеріне 20675 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 14847 сайлаушы сайлау бюллетендерін алды немесе 71,81 процент.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны 14685, оның ішінде                  23 есептен шығару куәліктері бойынша, 445 дауыс беруге арналған үй жайдан тыс жерде.

Сайлауға 4 саяси партиялар қатысты.

Дауыс беру кезінде саяси партиялар үшін келесі сандарда дауыстар берілді:

Индер ауданы

 

 «Nur Otan» партиясы - 10790 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 75,30 проценті;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 1181 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,24 проценті;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 1165 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,13 проценті;

«ADAL» саяси партиясы - 1194 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,33 проценті;

Дауыс  беруге  қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар белгіленді:

«Nur Otan» Партиясы;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы;

«ADAL» саяси партиясы.

Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:

«Nur Otan» партиясы - 9 мандат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы -1 мандат;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы -1 мандат;

«ADAL» саяси партиясы – 1 мандат.

Индер аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Жетінші шақырылған Индер аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабар
Дата публикации
13 января 2021