Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі №71 «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта құру ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
3-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасы туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Облыс әкімі С.Шапкенов
Атырау облысы әкімдігінің
2022 жылғы «___» _______
№___ қаулысына
қосымша
Атырау облысы әкімиятының
2018 жылғы «6» сәуірдегі
№71 қаулысымен бекітілген
«Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
балық аулайтын және оны қайта өңдейтін ұйымдарға өндірістік базаны дамыту, жаңа технологияларды енгізу жөнінде мемлекеттік қолдау көрсету;
Басқармаға жүктелген өкілеттік шеңберінде балық ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті құқықтық актілер қабылдауға;
тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;
Басқармаға жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
1) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекітуді ұйымдастыру;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте облыс аумағында орналасқан жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте балық шаруашылығы су айдындарын дәне (немесе) учаскелерін балық ресурстарын пайдаланушыларға бекітіп беру және балық шаруашылығының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
5) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
6) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар (балықтар) түрлерін қоспағанда, балық ресурстарын пайдалануға рұқсат береді;
7) уәкілетті органмен бекітілген үлгі бойынша жергілікті атқарушы органның аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы шешімнің негізінде жануарлар дүниесін пайдаланушымен балық шаруашылығын жүргізу шартын жасасады;
8) уәкілетті органмен бекітілген үлгі бойынша жеке және заңды тұлғалармен кәсіпшілік балық аулауға жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасады;
9) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және (немесе) учаскелер бойынша жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiтуді ұйымдастырады;
10) шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастырады;
10) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында (балық шаруашылығы) инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асырады;
12) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су айдындарын қоспағанда, резервтік қордағы балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізеді;
13) қала және аудан әкімдіктерінің және уәкілетті органның аумақтық өкілдігінің келісімімен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу үшін рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
14) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабу бойынша ұсыныстарды енгізеді;
15) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімінің облыстық консультациялық – кеңесші, үйлестіру және алқалы органдарының жұмысына қатысады;
16) заңнамаға сәйкес оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
1) Басқарма бөлiмдері басшыларының мiндеттерi мен өкілеттігін анықтайды;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
3) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
4) заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жазалар қолданады;
5) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, қызметтiк құжаттамаға қол қояды;
6) бөлiнген қызметкерлер саны лимитi мен Басқарманы ұстауға арналған төлем қоры шегiнде шығындар сметасын және штаттық кестені бекiтедi;
7) шарттар жасасады, банктерде есеп айырысу және басқа да шоттар ашады, Басқарма атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;
8) Басқарманың бөлiмдерi туралы ережелердi бекiтедi;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін бiлдiредi;
10) заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарманы ұстауға бөлiнген қаражатқа билiк етедi;
11) азаматтарды қабылдауды жүргізеді, арыздар мен шағымдарды қарайды;
12) заңнамамен және осы Ережемен белгiленген құзыреті шегінде Басқарма қызметінің мәселелерін дербес шешеді;
13) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңдіктің сақталуын қамтамасыз етеді;
14) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлдiктердi жүзеге асырады;
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.