Мемлекеттік қызметші: превенция мен парасаттылық

Мемлекеттік қызметші: превенция мен парасаттылық

«Мемлекеттік қызметші: превенция мен парасаттылық»

✅Бүгін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахияновтың қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің превенциясы және парасаттылығы» тақырыбында ​ маңызды жиын өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

🔴Кездесуде Атырау облысының Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Асқар Рахматуллин, табиғат қорғау прокуратурасы, еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт, «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Атыраудағы жетекшісі Альфия Адиева және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосты. Сондай-ақ, жиынға Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұжымы да қатысты.

​🔵Шара барысында сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға бағытталған алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігі атап өтілді.

⭕«Бұл өте маңызды міндет, оған айрықша көңіл аудару қажет. Қоғам «дертіне» қарсы заңнама талаптары, пара алу мен берушілердің заң алдындағы жауапкершілік жүйесі туралы көбірек ақпараттандыру керек. Жемқорлыққа қарсы стандарттар қалыптастыру мен сақтау, инспекторлық құрам тарапынан әдеп пен мінез-құлық нормаларын сақтау, жемқорлыққа жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын күшейту маңызды» деп атап өтті жиналғандар. ​‼️Соңында көтерілген мәселеге орай арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Жиынға қатысушылар алға қойылған міндеттерді «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе отырып жүзеге асыруға уағдаласты.