Атырау облысында жалпы ұзындығы 140 шақырымды құрайтын жазғы су желілері жаңартылады

Атырау облысында жалпы ұзындығы 140 шақырымды құрайтын жазғы су желілері жаңартылады

Былтыр тамыз айынан бастап Исатай ауданының үш ауылында жалпы ұзындығы 140 шақырым болатын жазғы су желілерінің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы басқармасының бөлім басшысы Асан Нұрғалиев мәлім етті .

Атап айтсақ, Тұщықұдықта 50,5 км, Ерғалиевте 39,5 км және Жанбай ауылында 50 шақырым қамтылмақ. Құрылыс жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланған.

- Сонымен қатар жазғы су құбыры желілері Махамбет ауданының Еңбекшіл (9,2 км), Жалғансай (16 км), Қызылқоға ауданының Миялы (14,1 км) ауылдарында да жаңғыртылып жатыр. Махамбет ауданындағы Талдыкөл 12,2 км, Сарытоғай 7,7 км, «Жаңа ауыл» және «Шаттық» ықшамаудандарында 6,4 км жазғы су жүйесін қайта жаңғырту мақсатында жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, құрылыс жұмыстары 2025-2026 жылдары басталмақ, - деді А.Нұрғалиев.