1994 жылдан бері Атырау қаласының оң жағалауы және Махамбет, Исатай аудандарының бір бөлігінің тұтынушылары «Финская» АГТС арқылы табиғи газбен қамтамасыз етіліп отыр. Пайдалану мерзімінің ұзақтығына орай сағатына 50,0 мың м3 газ өткізу мүмкіндігі бар.
Атырау қаласында табиғи газды тұтыну көлемінің артуына байланысты қаланың оң жағалауында орналасқан тұтынушыларға табиғи газдың тапшылығы сезілуде. Өткен жылыту кезеңдерінде газды көп мөлшерде тұтыну кезінде газ қысымының параметрлерін күрт төмендету фактілері тіркелді.
Сол себепті жаңа “Финская-120 АГТС” және “Редут - Финская-120 АГТС” магистральдық газ құбыры тармағын салу жобасы іске асыру мақұлданды.
Аталған жоба ең алдымен жеке және көп қабатты әкімшілік-қоғамдық құрылыс аудандарында жылумен жабдықтау проблемасын шешу үшін және тұтынушыларға берілетін табиғи газдың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жоба бойынша жүргізілетін магистральдық газ құбырларының жалпы ұзындығы - 46,8 км, диаметрі – 400-500 мм, құрылыс мерзімі – 16 ай, яғни 2024-2025 жылдары жүзеге асады.
Жобаның нәтижесінде қала және қала маңындағы кенттерді газбен жабдықтау бойынша сапалы қызметтермен қамтамасыз ету саласындағы әлеуметтік міндеттер шешіледі.