
Ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруы мен «Адал көмек» жобасы аясында Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тұхфатов Бауыржан Зайденұлы «Энергетика, тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын салу және жаңғырту саласындағы мемлекеттік реттеу» тақырыбында Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығып, желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.