
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді»-деп өңір басшыларына ағаш отырғызуды ұйымдастыруды тапсырған болатын.
Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметкерлері орманшылардың кәсіби мерекесіне және Мемлекеттік қызмет істерінің «Адалдық алаңы» атты жобасының «Туған елдің көркі-жасыл желек» бағытына орай, ағымдағы жылдың 2020 жылғы 23 қазан күні жеміс ағаштарын отырғызу акциясына белсене қатысты.